Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді
Мамыр 15, 2026 - 04:35
0 13
АСТАНА, 6 желтоқсан – Sputnik.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев АҚШ-тың сайланған президенті Дональд Трамппен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты Америка Құрама Штаттарының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
"Саясаткерлер сауда, инвестиция салаларында және ядролық қаруды таратпау бағытында стратегиялық серіктестікті дамытуға бейіл екендерін растады", - деп жазылған хабарламада.
Мемлекет басшысы халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша Қазақстанның ұстанымын жеткізді.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Дональд Трамп екіжақты ынтымақтастықтың жоғары қарқынын сақтау мақсатында ұдайы байланыста болуға уағдаласты.