Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті

Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдірді

Мамыр 15, 2026 - 04:13
 0  4
Тоқаев Қатар әмірімен телефон арқылы сөйлесті
АСТАНА, 1 наурыз – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар мемлекетінің әмірі Тәмим бен Хамад Әл Тәнимен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорда.
Мемлекет басшылары әңгімелесу барысында Таяу Шығыстағы ахуалды талқылады.
"Президент аймақта қақтығыстың өршіп кеткеніне алаңдаушылық білдіріп, осынау күрделі кезеңде әмір мен бауырлас Қатар халқына тілектес екенін айтты", - деп жазылған хабарламада.
Шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәни Қазақстанның ұдайы қолдауы үшін ризашылығын жеткізіп, екі ел арасындағы сан қырлы қарым-қатынасты достық және стратегиялық серіктестік рухында одан әрі нығайтуға ниетті екенін растады.
Қазақстан президенті қасиетті Рамазан айында Қатар әмірінің мемлекеттік қызметіне табыс, ал бауырлас Қатар халқына бейбітшілік пен бақ-береке тіледі.
Президент Казахстана Касым-Жомарт Токаев
 - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.03.2026
Тоқаев Таяу Шығыстағы ахуалды жіті қадағалап отыр